
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарлардың келуі туралы хабарламаның күні мен уақытын тіркеу, кету кезінде тауарлардың шығарылуын реттеу, сондай-ақ «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру кезінде лауазымды адамдардың іс-қимылдарының уақыт аралығын белгілеу және нақты регламенттеу мақсатында жоғарыда көрсетілген бұйрыққа түзетулер әзірленді.
Бұйрық жобасы 2023 жылғы 30 мамырда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14588412 орналастырылған.
Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2023 жылғы 13 маусымға дейін.