
Қостанай облысы-адами және табиғи әлеуеті мол, еліміздің индустриалды-аграрлық аймағы.
2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша өңірде 74 мыңнан астам бизнес субъектісі тіркелген. 2022 жылы мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдері бойынша жоспар 107,9% - ке, ал ағымдағы жылдың 4 айында 90,7% -ке орындалды.
Өз сөзінде Министрлік қызметінің негізгі бағыттарын, сонымен қатар өткен жылғы және ағымдағы жылдың 4 айдың жұмыс нәтижелерінің қорытындысын атап өтті.
Басты назарда халықты және бизнесті қолдау бойынша мемлекет қабылдаған шаралар болды. «e-Salyq Azamat» және «e-Salyq Business» цифрландыру жобасы қысқаша таныстырылды.
Өз сөзінің қорытындысы бойынша вице-министр көлік салығын төлеуге, QR-кодты қолдануға, бөлшек салыққа, үш компонентті интеграцияланған жүйені орнатуға, жалпыға бірдей декларациялауға байланысты және т. б. халықтың өзекті мәселелеріне жауап берді.