«Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасында оңайлатылған кеден дәлізін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗ

«Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасында оңайлатылған кеден дәлізін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗ

«Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасында оңайлатылған кеден дәлізін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі – Жоба) «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы     30 мамырдағы № 54 Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының                              9) тармақшасына және 13-бабының 2-тармағына сәйкес ратификациялауға жатады.

Жобада кедендік бақылауды жүргізу мерзімдерін, оның қауіпсіздігін қысқарту және Тараптар мемлекеттерінің аумақтары арасында өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты ақпарат алмасуды дамытуды қамтамасыз ету және нәтижесі ретінде кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасау көзделеді.

Сондай-ақ, жоба Тараптар мемлекеттерінің аумақтары арасында өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары бойынша мәліметтерді электрондық алмасу арқылы кедендік бақылаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жоба 2022 жылғы 7 қарашада ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (http://legalacts.egov.kz) орналастырылды.