Квазимемлекеттік сектордағы аудит

Квазимемлекеттік сектордағы аудит

«Аудиторлық қызмет туралы» ҚР Заңында жыл сайынғы аудит міндетті болып табылатын ұйымдардың тізбесі айқындалған, олардың қатарына барлық Акционерлік қоғамдар, оның ішінде
«Самұрық-Қазына» АҚ кіреді.

Бұл ретте аудиторлық ұйым квазимемлекеттік сектор субъектілерін сатып алу туралы заңнамаға сәйкес айқындалады.

«Аудиторлық қызмет туралы» ҚР Заңының 17-бабының
1-тармағына сәйкес аудиторлық ұйымдар мен аудиттелетін субъектілер арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шарт негізінде құрылады.

Осыған байланысты, ҚР Қаржы министрлігі заңды тұлғалардың шарттық қатынастарына араласпайды.

Аудиторлық ұйымның аудиторлық қызметтердің тиісті сапасын тұрақты ішкі бақылауы, өз аудиторларының біліктілігін ұдайы арттыруы кезінде мұндай ұйымның квазимемлекеттік сектордың мемлекеттік сатып алуларына және сатып алуларына қатысуы басқалармен тең шарттарда қамтамасыз етілетінін атап өтеміз.