«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына (бұдан әрі – Жоба)
баспасөз релизі
Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (бұда әрі – Заң) іске асыру үшін әзірленді.
Жобамен Заңға сәйкес «Заттай нормаларды әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 146 қаулысының оған енгізілген өзгерістерімен бірге күші жойылды деп тану қарастырылған, оған сәйкес Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне заттай нормалардың тәртібін әзірлеу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретін алып тастау бөлігінде өзгерістер енгізілді.
Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына (http://legalacts.egov.kz) 2023 жылғы 26 мамырда орналастырылған.