
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2023 жылғы
11 мамырда № 32463 тіркелген «Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 18 шілдедегі № 265 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Орынбасары –Қаржы министрінің 2023 жылғы 10 мамырдағы № 489 бұйрығы (бұдан әрі – Бұйрық) қабылданды.
Бұйрық мемлекеттік қызмет көрсету бөлігіндегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 98 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2021 жылғы 13 шілдедегі № 244/НҚ және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2022 жылғы 18 мамырдағы № 170/НҚ Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрықтарын іске асыруға сәйкес келтірілген.
Сондай-ақ әкімшілік тосқауылды болдырмау мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 4-тен 3 жұмыс күніне дейін қысқартылды.