Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 212 бабына сәйкес «Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Е.К. Жамаубаевтың бұйрық жобасы әзірленген.
Осы бұйрық жобасы 2023 жылғы 11 мамырда http://legalacts.egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілерінің интернет-порталында орналастырылған.
Жария талдауды өткізу мерзімі – 2023 жылы 25 мамырға дейін.