Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Б. Тұяқовтың Павлодар облысына жұмыс сапары

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Б. Тұяқовтың Павлодар облысына жұмыс сапары

Жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің   Павлодар облысы бойынша аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерімен кездесулер өткізілді.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында, Павлодар қаласында  Екібастұз, Ақсу және Баянауыл ауданында болып, Мемлекеттік кірістер, Қазынашылық, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру, Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің аумақтық департаменттерінің қызметкерлерімен кездсесулер өткізілді.