
Бүгін Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және Дүниежүзілік банктың ұйымдастыруымен Қазынашылық қоғамдастықтардың (PEMPAL және PEMNA) бірінші бірлескен пленарлық отырысында Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Д. Кеңбейіл құттықтау сөз сөйледі.
Пленарлық отырыс 2023 жылғы 23-26 мамыр аралығында әлемнің 21 елінен, оның ішінде Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия және ТМД-дан келген сарапшылардың қатысуымен өтеді.
Өз сөзінде Қаржы вице-министрі PEMPAL мен PEMNA қауымдастықтары - мемлекеттік қаржыны басқару саласындағы құнды платформа екендігін атап өтті. Бұл платформа арқылы қатысушы мемлекеттер жан-жақты тұрғыда: ақпараттық технологиялар, бақылау функциясы, қазынашылық қызмет, т.б. салаларда тәжірибе алмасады.
Сөз соңында Д. Кеңбейіл іс-шара стратегиялық және өзара тиімді әріптестікті одан әрі дамытуға елеулі серпін беретініне сенім білдірді.