«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі
№ 798 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрық жобасына
БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 13-бабының 2-тармағына сәйкес, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган айқындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесін қоспағанда, тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін осы Заңға сәйкес айқындайды.
Құрылыс монтаждау жұмыстарын сатып алу фактілерін және жобалау бойынша жұмыстарды ашық конкурс тәсілімен сатып алу фактілерін болдырмау мақсатында, сатып алудың осы түрлерін рейтингтік-балдық жүйеге толыққанды көшіру ұсынылады.
Осыған орай, «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына өзгеріс енгізу қажет.
Бұйрықты қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді.
Бұйрық жобасы 2023 жылғы 19 мамырда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14570591).
Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2023 жылғы 2 маусымға дейін.