Мәжіліс депутаттарына Қаржы министрлігінің цифрландыру саласындағы ақпараттық жүйелері таныстырылды.

Мәжіліс депутаттарына Қаржы министрлігінің цифрландыру саласындағы ақпараттық жүйелері таныстырылды.

Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу процесі 100% автоматтандырылған. Мәселен, өткен жылы бір көзден сатып алу саны 70%-ке қысқарды.

Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының қатысуымен өткен көшпелі кеңесте Қаржы вице-министрі Эльдар Қазғанбаев айтты.Қазақстан Республикасы Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары Қаржы министрлігінің IT жобалары мен бюджеттік процестің интеграторы саналатын «Электрондық қаржы орталығы» АҚ қызметімен танысты.Кездесу барысында Э. Қазғанбаев Жеке тұлғаларға арналған «салық әмиянының»функцияларын орындайтын «Е-Salyq-Azamat» мобильді қосымшасы туралы айтып берді.Бүгінгі таңда қосымшада 3 миллионнан астам қолданушы тіркелген. Мысалы, оның көмегімен 2 минут ішінде салықтарды төлеу жүргізіледі, салық салу объектілері бойынша мәліметтерді түзету жүзеге асырылады, сондай-ақ жеке тұлғалар кірістер туралы декларацияны тапсыру мүмкіндігіне ие.

Сонымен қатар, салық міндеттемелерін орындаудың ыңғайлылығы үшін жеке кәсіпкерлер «E-Salyq-Business» қосымшасын іске қосты. «E-Salyq-Business» көмегімен салық төлеушіні жеке кәсіпкер ретінде тіркеуге болады, онда чек беру және кірістер тізілімін қалыптастыру жүзеге асырылады, сондай-ақ еңбек шарттарын жасасуға және қызметкерлердің кірістерінің есебін жүргізуге болады.

Қосымша арқылы жеке кәсіпкер үшін жеке табыс салығын (ЖТС) және әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде есептеу, сондай-ақ оларды төлеу жүргізіледі. Қазіргі уақытта бұл өнімді пайдаланушылар саны онша көп емес екенін ескере отырып, қаржы және бюджет комитетінің хатшысы Татьяна Савельева көрсетілетін қызметтер санын көбейтуді және қосымшаның жұмысын жетілдіруді ұсынды.  «Электрондық қаржы орталығы» АҚ төрағасы Н.Рахметов мекеменің қаржы-шаруашылық қызметі туралы баяндама жасады. 

Жиын нәтижесінде депутаттар «Электрондық қаржы орталығы» АҚ қызметіне оң баға берді. Кездесуге қатысушылар бюджеттік процесс саласындағы ақпараттандыру саласын жетілдірудің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты және бизнес пен халыққа пайдаланудың ыңғайлығы тұрғысынан Қаржы министрлігінің жүйелерін одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар айтты.