Қазақстандағы экспортты қаржыландыру жөніндегі конференция

Қазақстандағы экспортты қаржыландыру жөніндегі конференция

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстандағы экспортты қаржыландыру жөніндегі конференцияда құттықтау сөз сөйледі.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі өз сөзінде Қазақстанда өткізілетін Халықаралық конференцияның маңыздылығын атап өтті.

Ерұлан Жамаубаев бүгінде Қазақстанда шетелдік капиталы бар 40 мыңға жуық компания жұмыс істейтінін атап өтті. Мысалы, тек Германиядан 746 адам жұмыс істейді.

Бұл ретте, елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға және ел экономикасының өсуін ұлғайтуға шетелдік инвестицияларды тартуға ерекше мән беріледі.

Бүгінгі таңда Қазақстан шетелдік инвестициялар ағыны бойынша Орталық Азия мемлекеттері арасында өзінің көшбасшылығын сақтап отыр.

2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 28 млрд. долл., бұл соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш.

Қазақстан халықаралық деңгейде өзара тиімді экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты белсенді қолдайды.

Конференцияға 150-ден астам делегат, оның ішінде еуропалық және қазақстандық компаниялардың басқарушы директорлары мен басқарма мүшелері, экспортты қаржыландыруға қатысатын қазақстандық экономикалық институттар мен банктер өкілдері қатысады.