
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Израиль Мемлекеті Үкіметі арасындағы табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға және оған Хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі- Жоба) «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағына және 8-бабы
2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Жобаның мақсаты инвестициялар үшін қолайлы жағдай жасау жолымен елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуды, кеңейтуді, екі елдің құзыретті органдары арасында салық мәселелері бойынша ақпарат алмасу арқылы салықтық жалтарулардың алдын алуды көздейтін Конвенция жобасына қол қою болып табылады. Бұдан басқа, Конвенция жобасы уағдаласушы мемлекеттердің резиденттері болып табылатын заңды және жеке тұлғалар үшін табыстарға қосарланған салық салуды жоюды көздейді.
Конвенция салықтық базаны бүркемелеуге және пайданы салық салу аясынан шығаруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында салықтық келісімдерге қатысты шараларды орындау жөніндегі көпжақты конвенцияның талаптарына сәйкес келеді
Жоба ратификациялауға жатады.
Жобаны қабылдау республикалық бюджеттен қаржы бөлуді талап етпейді.
Жоба 2023 жылғы 15 мамырда Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған (http://legalacts.egov.kz).
Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі-2023 жылғы 29 мамырға дейін.