
Қаржы жылының бірінші тоқсанының қортындысы келесідей көрсеткіштермен сипатталады.
КІРІСТЕР БОЙЫНША
Мемлекеттік бюджеттің кірістері есептілік кезеңнің жоспарына қарағанда 89,9%-ке, оның ішінде республикалық кірістер 78,8%-ке, жергілікті бюджеттер
121,4%-ке орындалды.
Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда мемлекеттік бюджеттің кірістерінің өсу қарқыны 101,2%-ті, жергілікті бюджеттер 133,1%-ті құрады.
Сыртқы факторладың экономикаға теріс әсерінен республикалық бюджеттің кірістері 10,5%-ке төмендеді (89,5%).
Республикалық бюджетке 1 трлн. 402 млрд.теңге кірістер түсті.
Жоспар 378 млрд.теңгеге орындалмады.
Олар негізінен салықтар есебінен қалыптасты.
Салықтардың орындалмауына келесідей сыртқы факторлар әсер етті.
Біріншіден, коронавирус эпидемиясынын таралуы импортқа салынатын қосылған құн салығының көлеміне теріс әсерін тигізуде
Үшінші елдерден әкелінетін импорт көлемінің
қысқаруына байланысты 11,4 мың салықтөлеушілерден салық түсімдерінің көлемі
49,1 млрд.теңгеге азайды.Бұдан басқа, есепті кезеңде Қытайдан келетін автокөлік құралдарының саны 29%-ке азайды.
Екіншіден, сыртқы нарықта негізгі экспорттық позициялар бойынша бағалардың төмендеуі: шикі мұнайдың – 22%-ке, мырыштың – 21%-ке, мыстың – 9%-ке, алюминийдің – 10%-ке, қорғасынның – 10%-ке және феррохромның – 12%-ке төмендеуі корпоративтік табыс салығының азюына әсерін тигізді.
Үшіншіден, кәсіпкерлік белсенділігінің төмендеуіне байланысты ішкі тауарларға салынатын қосылған құн салығы бойынша жоспар 132 млрд.теңгеге орындалмады.
Бірақта, қалыптасқан экономикалық жағдайға қарамастан, бизнес алдындағы өз міндеттемелерімізді уақтылы орындадық.
Есепті кезеңде оларға 193 млрд.теңге көлемінде қосылған құн салығы қайтарылды.
Бұл 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 84 млрд.теңгеге көп.
8-ші сәуірде қабылданған нақтыланған республикалық бюджетте кірістер бойынша жылдық жоспар 6 трлн. 414 млрд.теңге сомасында бекітілді
Жергілікті бюджетердің өз кірістері 134 млрд.теңгеге артығымен орындалып, 759 млрд.теңгені құрады.
Асыра орындалу негізінен салықтар есебінен қалыптасты – 127 млрд.теңге.
Барлық өңірлерде кірістердің жоспары артығымен орындалды.
ШЫҒЫСТАР БОЙЫНША
Мемлекеттік бюджет шығыстары 98,7%-ке, республикалық 99,5%-ке, жергілікті бюджеттер 97,7%-ке атқарылды.
Республикалық бюджет шығыстары 2 трлн. 971 млрд.теңгені құрады.
Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 109,8%-ті, яғни 265 млрд.теңгені құрады.
Бюджет қаражаты 15 млрд.теңгеге атқарылмады, оның
4 млрд.теңгесі үнемдеу болды.
Ал, игерілмеу сомасы 11 млрд.теңгені құрады.
Бұл, 2019 жылдың 1 сәуіріндегі көрсеткіштен 2 есе аз.
Жергілікті бюджеттердің шығыстары 1 трлн.
213 млрд.теңгеге игерілді.
29 млрд.теңге орындалмады.
Ағымдағы жылы өңірлерге 1 трлн. 499 млрд.теңге нысаналы трансферттер қарастырылған.
Алдын ала деректер бойынша 1-ші тоқсанда оларға 190,5 млрд.теңге бөлінді.
Оның 97,1%-і игерілді немесе 184,9 млрд.теңге.
Орындалмау сомасы 5,6 млрд.теңгені құрады.
Оның, 0,9 млрд.теңгесі бюджет қаражатын үнемдеу, игерілмеу - 4,7 млрд.теңге.
Ең көп игерілмеген қаражат келесі өңірлерде қалыптасты: Нұр-сұлтан қ. 3,6 млрд.теңге, Ақмола облысында 0,9 млрд.теңге, Шымкент қ. 0,7 млрд.теңге, Атырау облысында 0,6 млрд.теңге.
МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ БОЙЫНША
Есепті кезеңде 512 аудиторлық іс-шаралар жүргізілді.
Оның барысында 249 млрд.теңге бюджет қаражаты аудитпен қамтылды.
Нәтижесінде 91 млрд.теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.
Тексеру барысында тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есеп бойынша көрсету жолымен 84 млрд.теңгеге бұзушылықтар жойылды.
Аудит объектілерінің қызметтерін жетілдіруге және тиімділігін арттыру үшін 470 ұсыныс берілді.
Оның 361 орындалды.
Жалпы сомасы 5 трлн. 197 млрд.теңгеге 881 мың мемлекеттік сатып алу процедуралары камералдық бақылаумен қамтылды.
Нәтижесінде 250 млрд.теңге сомасындағы бұзушылықтарға жол берілмеді.
МЕМЛЕКЕТТІК АКТИВТЕРДІ БАСҚАРУ БОЙЫНША
2016-2020 жылдардағы кешенді жекешелендіру жоспарының іске асырылуы 93,2%-ті құрады.
2020 жылға 68 объектіні сату жоспарланған.
Оның 37-і сатылуға қойылды.
Есепті кезеңде 6 объект 3,2 млрд.теңгеге сатылды.
31 объекті сауда-саттыққа шығарылды.
3 объекті қайта ұйымдастыру және таратуға жіберілді.
28 объекті жылдың аяғына дейін сатылуға шығарылады.
Есепті кезеңдегі бюджеттің атқарылуының қортындылары осындай көрсеткіштермен қалыптасты.
Қаржы министрлігінің алдына тұрған басты мақсаттарының бірі – ол тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе нақтыланған бюджетте әлеуметтік салаға, кәсіпкерлерді қолдауға қарастырылған қаражаттардың түпкілікті алушыларға уақытында жетуін қамтамасыз ету.