
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы №339 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2020 жылғы 2 сәуірдегі №20280 болып тіркелді) «Бағалаушылардың іскерлік және кәсіптік әдебінің үлгілік кодексін және өз мүшелерінің «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының, бағалаушылар палатасының стандарттары мен қағидаларының талаптарын бұзуына қатысты жүгінімдерді бағалаушылар палатасының қарауы кезінде қойылатын талаптарды және бағалаушылар палатасының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі № 487 бұйрығына өзгерістер және толықтыру енгізілді.
Бағалаушылар палатасына өтініш берген жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында бағалау қызметі саласындағы мемлекеттік реттеуге сенімді қамтамасыз ету шеңберінде бағалаушылар палатасының өтініштерді қарауына қойылатын талаптарға (бұдан әрі - Талаптар) өзгерістер енгізілді.
Сондай– ақ, бағалаушылар палатасының азаматтардың өтініштерін негізсіз қарамауына жол бермеу мақсатында Талаптар «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес бағалаушылар палатасының өтінішті міндетті қарауы туралы тармақпен толықтырылды.
Бұдан басқа, өтініш беруші өтініште бағалау қызметі туралы заңнаманың бұзылған нормаларын көрсететінін ескере отырып, бағалаушылар палатасы мүшесінің әрекеттері (әрекетсіздігі) оның құқықтарын бұзатынына қатысты дәлелдерді өтініште көрсету жөніндегі талап алынып тасталды.
Жоғарыда көрсетілген өзгерістер мен толықтырулар өтініштерді бағалаушылар палаталары негізді және міндетті түрде қарауды қамтамасыз етеді.