
Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдану жөніндегі шарттар мен өтпелі ережелер туралы хаттамаға өзгеріс енгізу туралы "Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының жобасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасы Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қосылуымен, 2015 жылғы 8 мамырда қол қойылған" Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 28 өкіміне сәйкес әзірленді.
Хаттамамен ЕАЭО құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілердің кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін талаптарына сәйкес Қырғыз Республикасы үшін ЕАЭО кедендік шекарасындағы өткізу пункттерін жайластыру және материалдық-техникалық жарақтандыру мерзімін Хаттама күшіне енген күннен бастап 108 айға дейін ұзарту ұсынылады.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарға әкеп соқпайды.