
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі – Қаулы жобасы) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 19 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.
Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді.
Жобаны қабылдау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ережені өзектендіруге және оны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіруге мүмкіндік береді
Қаулы жобасы http://legalacts.egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілердің порталында (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14545866) орналастырылды.