
Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Е.Жамаубаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының Орнықты даму мақсаттарын ілгерілету жөніндегі ынтымақтастығының жаңа кезеңі, сондай-ақ теңсіздікті төмендетуге, институттарды жаңғыртуға, экономиканы әртараптандыруға және халықтың неғұрлым осал топтарын қолдауға бағытталған ары қарайғы бірлескен жұмыстар талқыланды.
#ҚР_ҚМ_баспасөз_қызметі