Цифрлық активтердің құнын және олардың түрлерінің тізбесін айқындау, жариялау тәртібі бойынша

Цифрлық активтердің құнын және олардың түрлерінің тізбесін айқындау, жариялау тәртібі бойынша

       Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексі (Салық кодексі) 227-1 бабының 4 тармағына сәйкес, цифрлық активтердің құнын және олардың түрлерінің тізбесін айқындау, жариялау тәртібі қарастырылған.

        Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) цифрлық активтердің құны туралы мәліметтерді, сондай-ақ цифрлық активтер туралы өзге ақпаратты беретін тұлғалармен жасалған шарт (бұдан әрі – Шарт) негізінде цифрлық активтердің құны туралы мәліметтерді жариялайды.

Мұндай Шарт болмаған жағдайда Комитет күн сайын CoinMarketCap (coinmarketcup.com) ашық дереккөзінің деректері бойынша осы Қағидалардың
8-тармағында көрсетілген цифрлық активтердің құнын тәулік (24 сағат) ішінде цифрлық активтердің нарықтың капиталдандыру деректері мен цифрлық активтер айналымының көлемі туралы деректерге сүйене отырып айқындайды.

Цифрлық активтердің құны мына формула бойынша айқындалады:

Р =  * К,

мұнда:

Р – тәуліктегі (24 сағат) цифрлық активтердің құны;

Mcap – Америка Құрама Штаттарының долларындағы цифрлық активтердің нарықтағы капитализациясы;

V – тәулікте (24 сағат) цифрлық активтердің сауда-саттық көлемі;

К – кіріс алынған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы.

        Цифрлық активтер биржасының кірісін айқындау мақсатында алынған цифрлық активтердің құны кіріс алынған сәттегі цифрлық активтердің қолданылатын құны бойынша айқындалады.

Белгілі бір шетел валютасына тіркелген құны бар цифрлық активтер айналым жасалған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған тиісті шетел валютасын айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасына қайта есептеледі.

         Комитет ай сайын деректер жарияланған айдан кейінгі айдың
10-ы күнінен кешіктірмей осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген цифрлық активтердің құны туралы мәліметтерді Комитеттің интернет-ресурсында жариялайды.

           Bitcoin (BTC), BitcoinCash (BCH), Dash (DASH), Dogecoin (Doge), EthereumClassic (ETC), Horrizen (ZEN), Litecoin (LTC), Monero (XMR), Litecoin (LTC), Siacoin (SC), Thronix (TRX), Zcash (ZEC) цифрлық активтердің құны жариялануға жатады.

          Цифрлық активтердің құнын және олардың түрлерінің тізбесін айқындау, жариялау тәртібі туралы қағидаларының жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілер интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id = 14502717).