Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар туралы кеңес өткізді

Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар туралы кеңес өткізді

Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар туралы кеңес өткізді.

 

Кеңесте Ұлттық экономика министрлігінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, Бәсекелестікті реттеу және қорғау жөніндегі агенттіктердің мемлекет реттейтін бағаларды белгілеу кезінде анықталған сыбайлас жемқорлық көріністері бойынша ақпараты, сондай-ақ заңсыз алынған кірістердің орнын толтыру тыңдалды.

 

Сонымен қатар, реттелетін коммуналдық қызметтерге уақытша өтемдік тарифтер, мемлекеттік реттеуден көтерме және бөлшек сегментте дәрілік заттарды кезең-кезеңімен шығару, табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуларын «Атамекен» ҰКП – «Сатып алудың бірыңғай терезесі» ақпараттық жүйесімен интеграцияланған Электрондық сатып алудың ақпараттық жүйелеріне ауыстыру бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды.

 

Ерұлан Жамаубаев мүдделі мемлекеттік органдарға мемлекет реттейтін бағаларды белгілеу кезінде сыбайлас жемқорлық көріністерін жою, сондай-ақ заңсыз алынған кірістерді өтеу жөнінде қажетті шаралар қабылдауды қамтамасыз етуді тапсырды.

 

Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау барысы туралы өзекті ақпаратты Ұлттық экономика министрлігіне енгізу тапсырылды.

 

#ҚР_ҚМ_баспасөз_қызметі 

📎Instagram: qarjymin.kz

      Telegram: @qarjyminchannel