Кәсіби аудиторлық қоғамдастықтың ұсыныстарын талқылау жөніндегі Комиссияның кезекті отырысы өткізілді

Кәсіби аудиторлық қоғамдастықтың ұсыныстарын талқылау жөніндегі Комиссияның кезекті отырысы өткізілді

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің алаңында Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Д.М. Кеңбеилдің төрағалығымен аудиторлық қызмет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі кәсіби аудиторлық қоғамдастықтың ұсыныстарын талқылау жөніндегі Комиссияның кезекті отырысы өткізілді.

Отырыс барысында Аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңестің Атқарушы алқалы органның төрағасы А. Ақанның баяндамасы тыңдалып, сұрақтарға жауап берілді.