
Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Парламент пен Жоғары аудиторлық Палатаның Үкіметтің 2021 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне ұсынымын орындау жөнінде кеңес өткізді.
Кеңесте Қаржы вице-министрі Д.О. Темірбеков Парламент пен Жоғары аудиторлық Палатаның Үкіметтің 2021 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне ұсынымдарын орындау жөніндегі жол картасы бойынша шаралардың іске асырылу барысы туралы хабардар етті.
Атап айтқанда, кеңеске қатысушылар блоктық бюджетті енгізу, Сыртқы қарыз алу мониторингі, сондай-ақ Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асырудан әлеуметтік-экономикалық әсерді бағалау бөлігінде құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тетіктерін талқылады.
Сөз соңында Е.Жамаубаев Ұлттық экономика, Қаржы министрліктеріне Жол картасы шараларын сапалы іске асыру үшін мүдделі мемлекеттік органдармен үйлестіруді және өзара іс-қимылды күшейтуді тапсырды.