«Аманат» партиясы сайлауалды бағдарламасының жол картасын әзірлеу барысы туралы

«Аманат» партиясы сайлауалды бағдарламасының жол картасын әзірлеу барысы туралы

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев «Аманат» партиясы сайлауалды бағдарламасының жол картасын әзірлеу барысы туралы кеңес өткізді.

Жол картасының жобасы қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған іс-шаралардан тұрады. Құжат партияның сайлауалды бағдарламасында қойылған барлық 10 міндетті қамтиды.

Қорытындылай келе Е. Жамаубаев мемлекеттік органдарға жол картасы жобасының әр тармағын егжей-тегжейлі пысықтауды, қаржыландыру мәселелерін анықтап, нақты нысаналы индикаторлар мен жауапты тұлғаларды бекітуді тапсырды.