Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамыту туралы

Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамыту туралы

Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы дәстүрлі түрде нарықтық конъюнктураны көрсететін және басқа эмитенттер үшін қарыз алу құны мәселесінде бағдар (бенчмарк) болып табылатын қор нарығының құрамдас бөлігі болып табылады.

Қаржы министрлігі Мемлекеттік бағалы қағаздардың ең ірі эмитенті болып табылады және көбінесе оның бағалы қағаздары қарыз алудың нарықтық конъюнктурасын анықтау үшін эталон ретінде қолданылады.

2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ішкі нарықта Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары жалпы сомасы шамамен 15 трлн. теңге айналымда.

Мемлекеттік бағалы қағаздар республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін шығарылады және қарыз капиталын тартудың негізгі көзі болып табылады.

Дамыған ішкі қор нарығы қарыздық қаржыландыруды қажетті көлемде және мерзімде тартуға мүмкіндік береді. Бұл Үкіметтің шығындарын қаржыландыру үшін қолма-қол ақшаны басқарудың тиімді саясатын жүргізуге мүмкіндік береді.

Ішкі қор нарығындағы ең ірі эмитент ретінде Қаржы министрлігі шығарылатын мемлекеттік бағалы қағаздарды дамыту бойынша қадамдар жасауда.

Қазіргі уақытта Қаржы министрлігі мен Ұлттық Банктің мемлекеттік бағалы қағаздардың ішкі нарығын дамытуға бағытталған негізгі бағыты (i) мемлекеттік бағалы қағаздарды жаһандық индекстерге қосу және (ii) жергілікті бағалы қағаздар нарығын Euroclear халықаралық клирингтік жүйесіне қосу болып табылады.

Бұл екі әрекет те шетелдік инвесторларды ішкі қор нарығына тартуға және тиісінше шығарылатын бағалы қағаздарға сұранысты арттыруға бағытталған.

Сонымен қатар, индекстерге енгізу және қор нарығын Euroclear-ға қосудың негізгі шарты мемлекеттік бағалы қағаздардың жоғары өтімділігі болып табылады.

Өтімділік бұрын сатып алынған бағалы қағаздарды оңай қайта сатуды білдіреді, бұл инвестор іздеуге уақыт жұмсамауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, қазіргі ішкі қор нарығы инвесторлардың шектеулі санымен ұсынылған және мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу арқылы инвесторлар оларды қайта сатуда қиындықтар туындауы мүмкін екенін түсінеді.

Мемлекеттік бағалы қағаздардың өтімділігін арттыру арқылы Қаржы министрлігі шетелдік инвесторлардың ағынын қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар бағалы қағаздарды сатып алуды біздің ішкі инвесторларымыз үшін тиімді салым етеді.

Мемлекеттік бағалы қағаздардың өтімділігін арттыру жөніндегі шаралардың бірі ретінде айналыстағы мемлекеттік бағалы қағаздар серияларының санын қысқарту қолданылады.

Қазіргі уақытта нарықта әрқайсысының өзіндік бірегей нөмірі, сыйақы мөлшерлемесі және өтеу күні бар 67-ге жуық мемлекеттік бағалы қағаздар сериясы (тіркелген кірісі бар) ұсынылған.

Айналымдағы мемлекеттік бағалы қағаздар серияларының аз саны оларды танытып, тиісінше инвесторлар үшін танымал етеді.

Әлемдік тәжірибе айналыстағы мемлекеттік бағалы қағаздардың оңтайлы саны шамамен 30 ірі шығарылым болып саналатынын және Қаржы министрлігі орта мерзімді перспективада осы белгіге жақындауға тырысатынын көрсетіп отыр.

Айналыстағы сериялар санын қысқартудан басқа, 400 млрд.теңгеден астам көлемде номиналды құны бар аса ірі сериялар (бенчмаркалар) құрылады.

Дәл осындай шығарылымдар неғұрлым өтімді болып саналады және олардың жергілікті нарықтарда болуы халықаралық индекстерге енгізудің алғашқы қадамы болып табылады (Қазақстанда олар 2020 жылдан бастап қамтамасыз етілген).

Мемлекеттік бағалы қағаздардың өтімділігін арттыру үшін қосымша ынталандыру ретінде Қаржы министрлігі Ұлттық банкпен бірлесіп бастапқы дилерлер институтын енгізуді қарастыруда.

Олардың негізгі міндеті тілек білдірген ұстаушылардан мемлекеттік бағалы қағаздарды нарықтық құны бойынша міндетті түрде сатып алу болады.

Қазіргі уақытта сынақ (мониторинг) кезеңін өткізудің басталғаны туралы жарияланды және егер бұл институт өзінің дұрыстығын көрсеткен жағдайда, ол мемлекеттік бағалы қағаздардың барлық шығарылымдарында енгізілетін болады.

Сонымен қатар, 2022 жылдың басынан бастап мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша сауда-саттық аукцион өткізілгеннен кейін 2 күн өткен соң есеп айырысу операцияларын (қағазға айырбастау ақшасын) жүргізуді көздейтін Т+2 есеп айырысу жүйесіне көшті.

Бұл шара инвесторларға қолма-қол ақша беру үшін қосымша екі жұмыс күнін ұсынуға мүмкіндік берді, бұл инвесторлар үшін ақша ағындарын басқару тұрғысынан өте ыңғайлы.

Бұдан басқа, шығарылатын мемлекеттік бағалы қағаздарға сұранысты арттыру үшін Қаржы министрлігі инвесторлар үшін қолайлы кірістілік деңгейін қамтамасыз ететін және инвестициялау үшін қызықты мемлекеттік бағалы қағаздардың жаңа түрлерін біртіндеп енгізуде.

Мысалы, 2022 жылғы тамыздан бастап TONIA нарықтық мөлшерлемесіне байланысты ауыспалы сыйақы мөлшерлемесі бар мемлекеттік бағалы қағаздардың жаңа түрі шығарылады.

Бұл құрал ағымдағы нарықтық конъюнктураны көрсетеді және кез келген нарықтық конъюнктурада облигациялар бағасының төмендеуіне жол бермейді.

Жиынтығында мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар жергілікті және шетелдік инвесторлар тарапынан инвестициялық ынталандыруды дамытуға ынталандырады.