
Жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Абай және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша аумақтық бөлімшелердің қызметкерлерімен кездесулер өткізілді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің, Қазынашылық комитетінің, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің, Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Семей және Өскемен қалаларындағы, Абай, Бородулиха, Ұлан, Шемонаиха аудандарындағы құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылды.
Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілермен дәріс-әңгімелер, сондай-ақ жеке мәселелер бойынша қабылдаулар өткізді.