Пресс-релиз

Пресс-релиз

«Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау жөнінде конкурстық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасына

(бұдан әрі - Жоба).

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Жоба Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 133-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы
8 мамырдағы № 474 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау қағидаларының 4-тармағына сәйкес әзірленген.

Жобаның мақсаты 2023 - 2024 жылдарға Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау жөнінде конкурстық комиссия құру болып табылады.