Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының техникалық миссиясының өкілдерімен Base erosion and profit shifting және Tax inspectors without borders бағдарламалары бойынша кездесу

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының техникалық миссиясының өкілдерімен Base erosion and profit shifting және Tax inspectors without borders бағдарламалары бойынша кездесу

Бүгін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Base Erosion and Profit Shifting пенTax Inspectors Without Borders (Шекарасыз салық инспекторлары) бағдарламалары бойынша Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының техникалық миссиясының өкілдерімен кездесу өткізді. Бұл кездесуде халықаралық салық салуды реформалау жөніндегі алдағы жоспарлар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Шекарасыз салық инспекторлары" экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бірлескен бағдарламасына қатысуының аралық қорытындылары талқыланды.

Кездесу аясында Экономикалық ынтымақтастық ұйымының салық саясаты және әкімшілендіру орталығының аға кеңесшісі Томас Балко «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 100 жыл» естелік төсбелгісімен, "Шекарасыз салық инспекторлары" бағдарламасының сарапшысы Николас Длузнияк Қазақстан Республикасында трансферттік баға белгілеу бойынша әкімшілендіруді дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды.

Тараптар жоғарыда аталған бағдарламалар шеңберінде бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.