«2023 жылы Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алу» тақырыбында семинар өтті

«2023 жылы Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алу» тақырыбында семинар өтті

Бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Электрондық коммерция орталығымен бірлесіп «2023 жылы Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алу» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар аясында мемлекеттік сатып алу саласындағы жаңа тәсілдер таныстырылды, сондай-ақ қолданыстағы мемлекеттік сатып алу заңнамасының нормаларын қолдану бойынша сұрақтарға жауап берілді.
Электрондық коммерция орталығының қызметкерлері Omarket.kz электрондық дүкеннің функционалдығын егжей-тегжейлі көрсетті.
Семинарға орталық және Астана қаласының жергілікті атқарушы органдарының, бюджеттік ұйымдарының қызметкерлері қатысты.