Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил Астана қаласындағы China Construction Bank Corporation өкілдігінің бас директоры Ван Сонхуа мырзамен кездесу өткізді

Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил Астана қаласындағы China Construction Bank Corporation өкілдігінің бас директоры Ван Сонхуа мырзамен кездесу өткізді

Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил Астана қаласындағы China Construction Bank Corporation өкілдігінің бас директоры Ван Сонхуа мырзамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар қазақстандық және қытайлық қор нарықтарындағы ағымдағы тенденцияларды, сондай-ақ Қазақстан үшін Қытай нарығында мемлекеттік облигациялар (Панда облигациялары) шығару мүмкіндіктерін талқылады.

Ван Сонхуа мырза Panda облигациялары шығарылымының инвестициялық тартымдылығы туралы айтып, шығарылымның шарттары және тәртібімен таныстырды.

Сондай-ақ, Ван Сонхуа мырза Банктің Қазақстандағы ағымдағы жобаларды қаржыландыру бойынша жүргізіп жатқан жұмысы мен экономиканың ең басым секторларына, соның ішінде автожол және теміржол салаларындағы жобаларға инвестиция салу жөніндегі алдағы жоспарларын айтып берді.

Кездесу соңында Д.Кеңбеил Ван Сонхуа мырзаға Қазақстан экономикасын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтып, алдағы уақытта да өзара ынтымақтастықтың жемісті болатынына сенім білдірді.