Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Е.К. Жамаубаевтың Сингапурға жұмыс сапары

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Е.К. Жамаубаевтың  Сингапурға жұмыс сапары

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Е.К. Жамаубаев бастаған қазақстандық делегация Сингапур (Сингапур Республикасы) қаласында.

Сапар аясында Сингапур Премьер-Министрінің орынбасары –  Қаржы министрі Лоуренс Вонгпен кездесу өткізіліп, онда инвестициялық, сауда және экономикалық мәселелер бойынша екіжақты ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.

2022 жылы Қазақстан мен Сингапур арасындағы екіжақты тауар айналымы 1,9 млрд. АҚШ долларын құрап (оның ішінде экспорт – 1,87 млрд., импорт – 47 млн.), 2021 жылмен салыстырғанда 65%-ке ұлғайды (1,16 млрд. АҚШ доллары, оның ішінде экспорт – 1,11 млрд., импорт – 46,8 млн.).

Сондай-ақ, Еңбек ресурстары министрі-Екінші сауда және өнеркәсіп министрі Тан Си Ленгпен кездесу өткізіліп, онда елдер арасындағы сауда қатынастарын кеңейту, Алматы облысындағы G4 City ауқымды инвестициялық жобасын қоса алғанда, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, Оңтүстік-Шығыс Азияның «Temasek» ірі холдингтік компаниясымен және «Surbana Jurong» Консалтингтік компаниясымен G4 City жобасы шеңберінде тұрақты және инновациялық серіктес қалаларды құру мәселесі бойынша келіссөздер жүргізілді, олардың барысында жобаны іске асыру кезінде сингапурлық инвесторлар мен заманауи технологияларды тарту туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

G4 City жобасы спутниктік қалаларды құруға ғана емес, сонымен қатар халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, инновацияларды ынталандыруға және аймақтағы кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.

Алматы облысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ауданы 30 мың гектар болатын «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылғаны белгілі.

Жаңа экономикалық аймақ G4 City интеграцияланған қаласын құруға отандық және шетелдік инвестицияларды тарту үшін қолайлы климатты қамтамасыз етеді деп күтілуде, бұл өз кезегінде бүкіл аймақтың дамуына жаңа серпін береді.

Елдер арасында әуе тасымалдар географиясын кеңейту мақсатында «Changi Airport Group» компаниясының бас директоры Ли Сеоу Хианмен кездесу өткізіліп, оның шеңберінде Сингапур-Қазақстан тікелей авиамаршрутын ашу мәселелері талқыланды.
Атап өту қажет, «Чанги» әуежайы Сингапурдың негізгі әуе қақпасы, әлемдегі ең көп жұмыс істейтін 6-шы әуежай және Азиядағы 2-ші әуежай саналады.

Сингапурлық тарап Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың арқасында қолайлы инвестициялық ахуал жасауда айтарлықтай прогреске қол жеткізілгенін атап өтті.