
Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың Сингапурға жұмыс сапары аясында қазақстандық делегация қалаларды қайта құру басқармасына барды. Бұл ұйым Сингапурдың Ұлттық қала құрылысы органы және Сингапур үкіметінің ұлттық даму министрлігі жанындағы заңда белгіленген кеңес болып табылады. Сондай-ақ, «Changi» халықаралық әуежайының бас директорымен кездесу өтті. Атап айтқанда, тараптар Қазақстандағы халықаралық әуежайларды салу бойынша жоспарланған жобалар шеңберіндегі перспективалық ынтымақтастықты талқылады.