
Қазақстан Республикасы 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер Үйі» әкімшілік ғимараты, 4 кіреберіс мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мүдделі тұлғалар үшін «Электронды қаржы орталығы» АҚ көрсететін қызметтердің бағасына сараптама жүргізу бойынша жария тыңдаулар өтетінін хабарлайды.
Жария тыңдаулар 2023 жылғы 3 сәуірде сағат 12:00-де онлайн форматта өтетін болады (ZOOM платформасында бейнеконференция).
Қосымша ақпаратты мына байланыс телефондары арқылы алуға болады:
+7-7172-73-55-37 ішкі 1206 («Электронды қаржы орталығы» АҚ).
Қатысушыларды тіркеу тыңдау өткізілгенге дейін 24 сағат бұрын аяқталады.