Қытай тарапының шақыруымен қазақстан делегацияның "Хоргос" өткізу пунктіне сапары

Қытай тарапының шақыруымен қазақстан делегацияның "Хоргос" өткізу пунктіне сапары

Өзара байланыс деңгейін арттыру және Қазақстан-Қытай өткізу пункттерінде өткізу мүмкіндіктері мәселелерін шешу мақсатында Қытай тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Д. Жаналинов басқарған қазақстан делегацияның "Хоргос" өткізу пунктіне сапары болды.
Сапар шеңберінде қытай тарапының «Дулаты» және «Алашанькоу» өткізу пункттеріне бару жоспарланды.

Сапардың негізгі мақсаты - Қытай тарапының өткізу пункттерінің жұмысымен танысу, өткізу қабілетін арттыру мүмкіндігін қарастыру және шекарадағы проблемалық мәселелерді талқылау.