Үкіметте кәсіпкерлікті дамыту тетіктері қаралды

Үкіметте кәсіпкерлікті дамыту тетіктері қаралды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары–Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың төрағалығымен өткен кеңесте кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланды.

Қаржы министрлігі экономиканың неғұрлым басым секторлары үшін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін саралауды енгізу жөніндегі қаулының тиісті жобасын әзірледі.

«Өзгерістердің жаңа пакеті шеңберінде агроөнеркәсіптік кешенге өндіріс пен қайта өңдеу экономиканың неғұрлым басым салаларының тізбесіне енгізу және сыйақы мөлшерлемесінің мемлекет субсидиялайтын бөлігін 13,25% деңгейінде, қалған жалпы экономикалық қызмет түрлерінің жіктеуішін 11,25% деңгейінде белгілеу ұсынылады»,-деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов.

Атап өткенде,  2022 жылғы 30 желтоқсандағы Заңмен мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жаңа тиімді моделіне көшуге бағытталған мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамаға түзетулер енгізілді. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын жасасу тек конкурстық негізде жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте тікелей келіссөздер тетігі ерекше жағдайларда – бірегей объектілерді құру үшін Үкіметтің шешімі бойынша ғана қолданылатын болады.

Жекелеген жобалар бойынша инвестициялық шығындардың өтемақыларын төлеуді шектеу көзделуде, сондай-ақ бірлесіп қаржыландыруға шектеу енгізілді.  Бұл шаралар шектен тыс маржиналдылықты төмендетуге бағытталған. Цифрлық форматқа көшу жолымен іске асырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру процесінің ашықтығы мен қолжетімділігінің жаңа қағидаты енгізілді.

Жиын барысында денсаулық сақтау саласындағы бизнестің проблемалық мәселелері де қаралды. Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев жаңа дәрілік заттардың нарыққа шығу мерзімдері бойынша бизнес мәселелерін қарау, жеке ұйымдардың қосымша бейресми медициналық білім беру курстарын ұсынуына, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға шекті бағаларды белгілеуге, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің кәсіпорынды сенімгерлік басқаруға беру кезінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге кезекте тұру құқығын сақтау қатысты баяндама жасады.

Сөз соңында Ерұлан Жамаубаев Ұлттық экономика министрлігіне мемлекеттік органдар мен бизнес субъектілері арасында мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жаңа моделін іске асыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Денсаулық сақтау министрлігі нақты шешімдер қабылдай отырып, «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының тікелей қатысуымен медицина саласындағы бизнестің проблемалық мәселелерін пысықтау жөнінде тапсырма берді.