«Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 179 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі бұйрығының жобасына баспасөз релизі

«Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 179 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің  орынбасары – Қаржы министрі бұйрығының жобасына баспасөз релизі

«Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 179 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің

орынбасары – Қаржы министрі бұйрығының жобасына

(бұдан әрі – Жоба) баспасөз релизі

 

 

Жоба «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына «Хатшысы» деген сөздер «Төрағасы» деген сөзбен ауыстырылған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 5 қарашадағы № 157 Заңын, «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты» мемлекеттік мекемесіне қайта құрылуына байланысты «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 79 Жарлығын іске асыру үшін әзірленді. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппараты Басшысының орынбасарлары» деген лауазымдары қосылған «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығына сәйкес.

Осыған орай, жобаға «Хатшысы» деген сөздер «Төрағасы» деген сөзбен, «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты» деген сөзбен ауыстырылу бөлігінде өзгерістер енгізілді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппараты басшысының орынбасарларына қызметтік автомобиль қарастырылған.

Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына (http://legalacts.egov.kz) 2023 жылғы 3 сәуірде орналастырылған.