«Армения Республикасының аудиторлық палатасының, Беларусь Республикасының Мемлекеттік бақылау комитетінің, Қазақстан Республикасының Республикалық бюджетінің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Қырғыз Республикасының Есеп палатасынынң және Ресей Федерациясының Есеп палатасының 2021 жылы Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының уәкілетті органдарының кедендік әкелу баждарының (баламалы әрекеті бар өзге де баждардың, салықтар мен алымдардың) сомаларын есепке жатқызу және бөлу, оларды мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібі туралы хаттаманы сақтауына бірлескен тексеруі» бірлескен бақылау іс-шарасының нәтижелері туралы есептің жобасын (Армения Республикасының аудиторлық палатасы, Беларусь Республикасының мемлекеттік бақылау комитеті, Қазақстан Республикасының жоғары аудиторлық палатасы, Қырғыз Республикасының Есеп палатасы және Ресей Федерациясының Есеп палатасы (алқаларының (кеңестерінің, уәкілетті тұлғалардың) бірлескен отырысының шешімі бойынша 2022 жылғы 28 қарашадағы № 01-26/102 хаттамасымен бекітілген) және 2010 жылғы 1 шілдеге дейін жасалған келісімшарттар бойынша Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану саласында туындаған құқықтық қатынастарға кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке жатқызу және бөлу жөніндегі оның ережелерін таратпау бөлігінде Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттаманың жобасын іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 және «Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесі» 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – бұйрық жобасы) әзірленді.
Бұйрық жобасымен жер қойнауын пайдаланушылардан түсетін өзге де түсімдерді алып тастау және кедендік әкелу баждарын аудару үшін бірыңғай БСК айқындау бөлігінде бюджет түсімдерінің сыныптамасына өзгерістер енгізілді.
Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына (http://legalacts.egov.kz) 2023 жылғы 03 сәуірде орналастырылды.