«Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 126 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі
бұйрығының жобасына (бұдан әрі – Жоба)
баспасөз релизі
Жоба республикалық бюджет есебінен қосымша білім беру объектілері мен мәдениет объектілері құрылысын қаржыландыруды енгізу бөлігінде ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары А.С. Көлгіновтің 2023 жылғы 12 ақпандағы хаттамалық тапсырмасына сәйкес және микроорганизмдер биобанкі мен физикалық қорғау жүйесін республикалық бюджеттен қаржыландырылатын объектілер тізбесіне енгізу бөлігінде ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары – ҚР Сауда және интеграция министрі С.М. Жұманғариннің 2022 жылғы 1 желтоқсандағы және ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары А.С. Көлгіновтің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы хаттамалық тапсырмаларына сәйкес іске асыру үшін әзірленді.
Осыған орай, нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларына оқушылардың инновациялық шығармашылық орталықтарын (500-600 орындық оқушылар сарайлары, 150 орындық балалар өнер мектептері) және патогендігі 1, 2, 3, 4-топтағы патогендік биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын биологиялық қауіпсіздік инфрақұрылымы объектілерін салу құрылысын қаржыландыру бөлігінде өзгерістер енгізілді.
Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына (http://legalacts.egov.kz) 2023 жылғы 29 наурызда орналастырылған.