Кәсіби аудиторлық қоғамдастықтың ұсыныстарын талқылау жөніндегі Комиссияның отырысы өткізілді

Кәсіби аудиторлық қоғамдастықтың ұсыныстарын талқылау жөніндегі Комиссияның отырысы өткізілді

2023 жылғы 24 наурызда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің алаңында Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Д.М. Кеңбеилдің төрағалығымен аудиторлық қызмет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі кәсіби аудиторлық қоғамдастықтың ұсыныстарын талқылау жөніндегі Комиссияның отырысы өткізілді.

Отырыс барысында кәсіби аудиторлық ұйымдардың аудиторлық кәсіпті одан әрі дамыту туралы пікірлері тыңдалды.

Талқылау қорытындысы бойынша аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби Кеңеске өз қызметінің нәтижелері туралы презентация дайындау тапсырылды.