Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтады.

«Қымбатты отандастар!
Баршаларыңызды Әз-Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз – тарихымыз бен дәстүріміздің бөлінбес бөлшегі, келісім мен тұрақтылықтың жарқын көрінісі.
Бұл – жақсылықтың жаршысы, жаңашылдықтың бастауы, күн мен түн теңелетін, табиғат әдемі түске енетін, тіршілік түрленетін мейрам.
Ұлыстың ұлы күні елімізге ынтымақ пен бірлік, әр шаңыраққа ырыс пен молшылық тілеймін!
Ұлыс оң болсын!» - деді, Ерұлан Жамаубаев өз құттықтауында.