Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті шетелдік көздерден қаржыландырылатын тұлғалардың тізілімін жүргізуге қатысты түсініктеме берді

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті шетелдік көздерден қаржыландырылатын тұлғалардың тізілімін жүргізуге қатысты түсініктеме берді

Бұған дейін 2018 жылдан бастап Салық кодексіне шет мемлекеттерден, шетелдіктерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан ақша немесе өзге де мүлік алған тұлғалардың мемлекеттік кірістер органдарына есеп беруі туралы талап енгізілген болатын.
Мәліметтерді қызметі заң көмегін көрсетуге, қоғамдық пікірге сауалнамаларды, социологиялық сауалнамаларды зерделеуге және жүргізуге бағытталған тұлғалар ұсынады (Салық кодексінің 29-бабының 1-тармағының 1-тармақшасы).
2022 жылы Салық кодексінің 29-бабына түзетулер енгізілді, осыған сәйкес Мемлекеттік кірістер комитеті өзінің интернет-ресурсында шетелдік көздерден ақша немесе өзге де мүлік алған азаматтардың тізімін жариялайды.
Аталған түзету тұтастай алғанда азаматтардың мемлекет пен қатар үкіметтік емес ұйымдарға да сенім деңгейін арттыруға бағытталған.
Тізілім тиісті есептілікті ұсынғаннан кейін 2023 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша орналастырылатын болады.

#ҚР_ҚМ_баспасөз_қызметі