
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша ведомстволық бөлімшелерінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің қатысуымен қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды уақтылы жою мәселесі бойынша жиын өтті.
Жиын барысында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі аппаратының басшысы Абзал Бейсенбекұлы мен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция қызметінің басшысы Саян Қылышұлы Ахметжанов сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту қажеттігін атап айтты.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша ведомстволары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасау себептері мен шарттары талқыланды, нәтижесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі аппаратының басшысы Абзал Бейсенбекұлы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі органдары қызметкерлерінің қылмыс жасауының осындай фактілерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітуді және іске асыруды тапсырды.