«Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» Заңды іске асыру бойынша тезистер

«Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» Заңды іске асыру бойынша тезистер

Бүгіннен бастап азаматтардан банкроттыққа қатысты өтініштерді қабылдау басталды.

Заңда борышкердің төлем қабілеттілігін әртүрлі тәсіл арқылы қалпына келтіру мүмкіндігі қарастырылған: соттан тыс банкроттық, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот банкроттығы рәсімі.

Азаматтар өтінішті Халыққа қызмет көрсету орталықтарына келмей-ақ, eGov.kz. электрондық үкімет порталы, сондай-ақ e-Salyq Azamat немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы бере алады.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында банкроттық рәсімдерінің қолдану тәртібі жазылған, арнайы буклеттер орналасқан жекелеген аймақтар белгіленді.

Бүгін Қаржы вице-министрі Е.Е. Біржанов Алматы және Қонаев қалаларының Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып, азаматтармен әңгімелесіп, Заңның негізгі ережелерін түсіндірді (аталған өңірлерде проблемалық несиелердің саны басым).

Облыстық департаменттер мен Мемлекеттік кірістер басқармаларының басшылары облыс және аудан орталықтарындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтардың сұрақтарына жауап беруде.

16:00-дағы жағдай бойынша банкроттық туралы соттан тыс 1469 өтініш (eGov арқылы 1399, e-Salyq Azamat арқылы 70) түскен. Алғашқы өтініш электронды үкімет порталы арқылы Жамбыл облысынан сағат 09:05-те түсті.

Азаматтар несие алуға тыйым салу (5 жыл), қаржылық жағдайды бақылау (3 жыл) және т.б. сынды банкроттықтың салдарын жақсы түсінеді. Статистикаға сәйкес өтініштердің үлкен ағыны байқалмайды, ақпараттық жүйелер үздіксіз жұмыс істеуде.

Бұған көп жағдайда барлық мемлекеттік органдардың жүргізген түсіндіру жұмыстары ықпал етті. Облыс орталықтары және республикалық маңызы бар қалалардың тұрғындарымен көшпелі кездесулер өткізіліп, БАҚ-та мақалалар, жарияланымдар мен ақпараттық бейнероликтер орналастырылды.