«Ұлттық әл-ауқат қорының сатып алуын бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметті қоспағанда, сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет жүзеге асыратын бақылауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1252 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрық жобасына
БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
«Ұлттық әл-ауқат қорының сатып алуын бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметті қоспағанда, сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет жүзеге асыратын бақылауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1252 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрық жобасы құқық қолдану практикасын ескере отырып бақылау бағыттары мен элементтерін негізге ала отырып тәуекел бейініне сәйкес бұзушылықтарды жою тәсілдерін келтіру мақсатында әзірленді.
Бұйрықты қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді.
Бұйрық жобасы 2023 жылғы 10 ақпанда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14404825) мерзімі 2023 жылғы 27 ақпан.