Атырау облысының тұрғындарымен кездесу барысында көтерілген проблемалық мәселелері

Атырау облысының тұрғындарымен кездесу барысында көтерілген проблемалық мәселелері

Атырау облысының тұрғындарымен кездесу барысында
көтерілген проблемалық мәселелердің

ТІЗБЕСІ

24.02.2022ж.

№

Азаматтардың сұрақтары

Проблемалық мәселені шешу бойынша жауаптар

1

Бейрезидент азаматтар ҚР аумағында ЖК ретінде тіркеле ала ма?

22014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес ДК ретінде қызметті Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, яғни Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар Ресей Федерациясының, Тәжікстанның, Қырғызстанның, Беларусьтың, Арменияның бейрезиденттері жүзеге асыра алады. ДК ретінде тіркеу үшін  электронды түрде Қазақстан Республикасының Электронды лицензиялау e-license порталы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары арқылы ДК ретінде қызметті бастағаны туралы хабарлама беру қажет.

Бірлескен ДК тіркеген жағдайда, бірлескен дара кәсіпкерліктің уәкілетті адамы бірлескен кәсіпкерліктің барлық қатысушыларының атынан қол қойылған сенім хатты ұсынады. Егер өтініш беруші кәмелеттік жасқа толмаған жағдайда, хабарламаға заңды өкілдерінің келісімі, егер мұндай келісім болмаған кезде - неке (ерлі-зайыптылық) туралы куәліктің көшірмесі не қорғаншы және қамқоршы органдардың шешімі немесе кәмелетке толмағанды әрекетке қабілетті деп тану туралы сот шешімі қоса беріледі.  Басқа құжаттарды талап етуге тыйым салынады.

2

ҮИЖ нені қамтиды және қолдану кезінде қандай артықшылықтар бар?

Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерге арналған үш компонентті интеграцияланған жүйе (ҮИЖ): ҮИЖ ол:
- онлайн БКМ - қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған құрылғы (терминал посты) - тауарларды есепке алудың автоматтандырылған жүйесін қамтитын интеграцияланған жүйе.
Яғни, бұл бағдарламалық кешен жоғарыда аталған барлық компоненттерді ауыстырады. ҮИЖ бухгалтерлік есепке алу, тауарларды есепке алу, кассалық операцияларды есепке алу және салықтарды есептеу механизмдерін қамтиды.
Ерекшіліктері:

⠀1️. Салық кезеңіндегі, яғни жартыжылдықтағы кіріс шегі 24 038 АЕК-тен (82,9 млн.теңге) 94 086 АЕК-ке (324,6 млн. теңге) дейін ұлғайтылды.

⠀2️. 2022 жылы ҚҚС бойынша шек 20 000 АЕК-тен 144184 АЕК-ке дейін, яғни 69 млн. теңгеден 497,4 млн. теңгеге дейін ұлғайтылды, сондай-ақ бұл ұлғайтулар тек ҮИЖ-ні пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізілген (яғни, банк карточкалары арқылы сатып алушылармен есеп айырысу) айналымға қолданылады.

ҮИЖ пайдалану үшін не қажет?

⠀1️.ҚР ҚМ МКК сайтына stories сілтемесі бойынша кіреді және ҮИЖ моделін таңдайды;

⠀2️.ҮИЖ орнату үшін ҮИЖ әзірлеушісіне хабарласады;

⠀3️. СТК-ға кіріп, мемлекеттік кірістер органдарында ҮИЖ тіркеуді жүргізеді.

3

 Шағын бизнес субъектілері үшін Арнайы салық режимін (АСР ) қолдану үшін қандай  қызмет түрлеріне тыйым салынған

     Салық кодексінің 683-бабының 2-тармағында арнаулы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектілерінің қызметіне жатпайтын қызмет түрлері айқындалған. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап осы тармаққа Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес сауда базарларына, 1, 2 және 3-санаттағы стационарлық сауда объектілеріне жататын сауда объектілерін, сондай-ақ олардың аумағындағы сауда орындарын, сауда объектілерін және қоғамдық тамақтану объектілерін қосалқы жалға беру бойынша қызмет, сондай-ақ екі және одан көп салық төлеушілердің бір қонақүйдің немесе қонақүй қызметтері көрсетілетін жеке тұрған тұрғын емес ғимараттың аумағында осындай қызметтерді көрсету саласындағы қызмет түрі енгізілді.

4

Жеке тұлғалардың жеке шотын тексеру қашаннан бастап қолданысқа енеді. Қандай шарттар қарастырылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ банктердің жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операциялар бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын әзірледі және бекітті (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2022 жылғы 29 наурыздағы № 323 бұйрығы).
Жеке тұлғалардың банк шоттары бойынша жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарты 1 (бір) жеке тұлғаның қатарынан күнтізбелік 3 (үш) айдың әрқайсысының ішінде 100 (жүз) және одан да көп әртүрлі тұлғалардан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған банк шотына ақша қаражатын алуы болып табылады.

Тексеру келесі тұлғалар бойынша жүзеге асырылады:

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар, олардың жұбайлары;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері және олардың жұбайлары;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары;

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – жеке тұлғалардың барлық қалған санаттары.

5

Онлайн-БКМ қолданатын салық төлеушілердің бақылау-касса машиналарын қайта бағдарламалау, яғни 2.0.2. Хаттаманың ерекшеліктері қандай?

2022 жылдан бастап моделдері мемлекеттік тізілімге енгізілген онлайн-БКМ қолданатын салық төлеушілерге сатып алушының ЖСН және тауардың атауын енгізу функциясын көрсете отырып, БКМ қайта бағдарламалау енгізілді.

Қайта бағдарламау функциясын енгізу, 2024 жылдан бастап жеке кәсіпкерлер үшін, 2025 жылдан бастап жеке тұлғалар үшін енгізілетін  жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде, олардың кірістерін айқындауға мүмкіндік береді.

Салық кодексінің 171-бабын орындау шеңберінде, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Фискалды деректер операторымен (ФДО), БКМ өндірушілерімен және жеткізушілерімен бірлесіп, онлайн-БКМ-нен ФДО серверіне 2.0.2 нұсқасына деректерді беру хаттамасын құру бойынша жұмыстар жүргізді (сілтемесі ресми интернет-ресурстарда жарияланды).

Салық төлеушіге чектің электрондық нұсқасын жіберу арқылы қағаз айналымын болдырмау мүмкіндігі, сондай-ақ кассирлер қабылдаған ақша қаражаты туралы жедел деректерді алу арқылы кәсіпкерлік қызметті қашықтан бақылау мүмкіндігі Онлайн-БКМ қолданудың негізгі артықшылықтары болып табылады.