
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында, Тараз қаласында Қазынашылық, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру, Ішкі мемлекеттік аудит, Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық департаменттерінің қызметкерлерімен кездсесулер өткізілді.
Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі уәкіл Жамбыл облысының Жуалы, Байзақ, Жамбыл және Меркі аудандарында болып, Мемлекеттік кірістер және қазынашылық басқармасы, Қызылорда қаласында Қазынашылық, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру, Ішкі мемлекеттік аудит, Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық департаменттерінің қызметкерлерімен кездесулер өткізіп, Жаңақорған және Шиелі аудандарында мемлекеттік қызметшілерге дәріс оқып, жеке сұрақтарына жауап берді.