
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрығының жобасын әзірледі. Осы бұйрық жобасына 2023 жылға арналған 100.00, 200.00, 220.00, 300.00, 700.00, 880.00, 910.00 және 920.00 салықтық есептілігі нысандарына және оларды жасау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Осы бұйрық ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырылған https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14406921 13.02.2023 жыл.