«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрығының жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗ

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агломерацияларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 1 қаңтардағы № 182-VII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңының 2-тармақтың 6), 7) және 8)-тармақшаларын іске асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 209, 212 және 212-1-баптарына сәйкес келтіру мақсатында «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрығының жобасы әзірленген.

Осы бұйрықтың жобасы 2023 жылғы 10 ақпанда http://legalacts.egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілерінің интернет-порталында орналастырылған.

Жария талқылауды өткізу мерзімі – 2023 жылғы 27 ақпанға дейін.