
Бүгін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың Атырау облысының тұрғындарымен кездесуі өтті.
Кездесу барысында жаңа Салық кодексінің әзірленіп жатқан қағидаттары мен тәсілдері айтылып, оның шеңберінде салықтық әкімшілендіру процестерін одан әрі автоматтандыру және цифрландыру, салықтар санын қысқарту, кәсіпкерлер үшін салық салуды жеңілдету және т. б. мәселелер қозғалды.
Ержан Біржанов салық органдарының жұмысы туралы халықтың пікіріне, сондай-ақ салықтық әкімшілендіруді оңайлату жөніндегі ұсыныстарға баса назар аударды.
Кездесуде вице-министр тұрғындардың сұрақтарына жауап берді, сондай-ақ өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясына қатысты.
Жұмыс сапарының соңында азаматтарды жеке қабылдауда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік қызмет және өңірдің басқа да өзекті мәселелері талқыланды.