
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері Қостанай облысының тұрғындарымен «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» жаңа заңды түсіндіру бойынша семинар-кездесу өткізді.
Сондай-ақ, семинарға бейнеконференцбайланыс арқылы аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.
Заңгерлер, кәсіби бухгалтерлер, банкроттықты басқарушылар, ХҚКО қызметкерлері де өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.