
Кездесуде Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы жаңа тұрақты өкілі Андрей Михнев таныстырылды.
Кездесу барысында 2020-2025 жылдарға арналған әріптестіктің негіздемелік стратегиясы, оның ішінде Қазақстанның Дүниежүзілік банкпен бірлескен бағдарламалары мен жобаларын іске асыру мәселелері талқыланды.
Дүниежүзілік банк еліміздің құрылымдық реформаларын қолдау және Қазақстанда қаржыландырудың жаңа икемді құралдарын енгізу бойынша Үкіметке жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.
Ерұлан Жамаубаев Қазақстанның Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастыққа аса мән беретінін, жаңа ауқымды жобаларды іске асыру және Қазақстан экономикасын жаңғырту үшін Банкпен стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту көзделетіндігін атап өтті.